Өлеңдер ✍️
КҮРСІН БЕ, ДОС...
Күрсін бе, дос, деймін саған күрсін бе,
Сен немене сол қызды әлі ұмыта алмай жүрсің бе?
Ойларың да тұңғиқ қой, бет пішінің бір түрлі,
Жанарыңда сағыныш па, әйтеуір бір мұң тұрды.
Келеме әлде қиындықпен, қимастықпен ұмытқың,
Жүрші кәне, дала қандай, шығайықшы тымық түн.
Істің бәрін тағдырдан көр, сенде емес қой шын айып,
Отырғанша мынау қапас бір бөлмеде мұңайып,
Жүр далаға шығайық.
Жарасатын өн бойыңа сайқымазақ, еркелік,
Қыздар жайлы қызық, қызық жаңаша сыр шертелік.
Қыздың соңы ол емес қой, әлі талай кездесер,
«Жігітпін»,- деп айта ала ма қиындыққа төзбесе ер.
Ұйқы қайда қашар дейсің, шыдайсың ғой бір түнге,
Маңайыңнан достар кетіп, жалғыз қалап жүрсің бе?
Өткен күнді ойлағанша, еске алғанша мұңайып,
Қыздар әне, далада жүр, жүр далаға шығайық.
Бас ауыртқан сол ауырлық өзіменен кетсінші,
Қиын сәттер алда әлі, бүл әзірге өткінші.
Әлдекімнің қуанышын қызғанбайды жақсы адам,
Жоғалған сол бақытыңды ізделікші басқадан.
Өткен шақты ойлағанша, отырғанша мұңайып,
Дала деген қандай әсем,
Жүр далаға шығайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter