Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  110


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

САМОЛЕТТЕ

Көк аспанда көңіліме қасиетін түйіп мен,
Келем ұшып, туған жерге қарап бір сәт биіктен.
Полеозойдың сырын ашып берген біздің дәуірге,
Мұнаралар болашағым, жер емшегін иіткен.
Аспанда мынау қиялшыл болып барам ба осы тегі мен,
Отырмын қазір құмарта қарап туған жерімнің көгінен.
Мен емес жалғыз бәріде солай отырғандардың салонда,
Оқимын оны қуаныш нұры жылт еткен әркім өңінен.
Тұңғиық ойлар, беймаза сезім, секілді бейне ақ мұман,-
Қаражамбас пен Қаламқастағы тұңғиық сырлы тасқын ән.
Әуендерін Карбон, Девон дәуірі,
Естігендеймін ақ шарбы бұлттар астынан.
О, туған жер қарағанда зеңгір аспан –биіктен,
Неткен сонша ыстық едің, неткен сонша сүйікті ең?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу