Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  151


Автор: Ғали Орманов

АРЫЧМАН

Қайнағандай тереңде,
Қарғып жатыр Арычман.
Медеу көріп сол жерге
Келгендер көп алыстан.
Бұрқыраған бұл əлі
Көпет таудың күші ме?
Бу атқыған бұлағы
Сыймаған ба ішіне?
Байқағалы, қолымды
Создым суға мен-дағы.
Шымырлатып солғұрлы
Бар жүйкемді қозғады.
Қоңыр салқын күзді күн
Шомыла алман,
не етейін? –
Ең болмаса қызуын
Жырыма алып кетейін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу