Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
146
Қазақтан көшу кеткен соң...
Қазақтан көшу кеткен соң,
Дала да қалды далада.
Тарихты аздап зерттесең,
Даласыз қазақ бола ма?
Дала деп өлең жазғанмен.
Даланы білмей қартайдық.
Алданып өткен аз дəурен
Мақтандық, соған марқайдық.
Қазекеңдегі бар байлық –
Маңдайға біткен кеңістік,
Ойыса-ойыса ортайдық,
Оны да жатпен бөлістік.
Ата-бабаның моласын
«Қазына бар» деп қаздырдық.
Қазақтың қайран даласын
Бомбалап, улап, аздырдық.
Алдық, – деп жүрміз азаттық, –
Азаттық дəмі ащы ғой.
Даласыз қалған қазақты,
Қазақ, – деп ұқсақ жақсы ғой.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇