Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  104


Автор: Марфуға Айтқожина

ЕЛШІ МЫРЗА!

(Пакстан елшісі – С.Хаятқанға)
Ақыныңды оқыдың,
Ақын болып,
Ақындарға кеттіңіз, жақын болып.
Ел тағдырын толғадың,
Ел атынан,
Келбетіңе ұялап ақыл-көрік.
Жарыңды айттың,
Жадырап, сезімменен,
Мөлдіреп тұрды сол сəт көзіңде өлең.
Елі үшін тебіренген ержігіттің,
Толғаныс,
Тереңдігі сезілді ерен!..
Беназирдей аруды əлпештедің,
Көз алдыма келтірдім,
Нəркес көзін...
Алматыда жүрсең де,
Исламабад,
Қалмайды ойыңнан бір əр кез сенің.
Қаншама рет жүздестік кезігіп жол,
Инабатты,
Көргенді, төзімі мол.
Жыр арнадым жүректен,
Елші мырза,
Сізге деген ықылас,
Сезімім ол!
Өрісті екен өлшеусіз,
Өрең сенің,
Ел дегенде ағылар, терең сезім.
Сезім менен ақылдың қақтығысы-ау,
Көктемнің аласұрған кезем селін!
Өзің емес, мақтанып еліңменен,
Төрде отырып төкпелеп,
Төгілді өлең.
Ел атынан елші ғып жібергені,
Қарағаны өзіңе сенімменен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу