Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  92


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚАЙТА ЖАЛҒАП...

Қыранның қағып түсер көз қиығы,
Əр таудың болады ғой өз биігі.
Қараймын сол биікке жанар талып,
Жүр ме деп,
Жартасында жезкиігі.
Деп маған қараса да,
Ел адамы,
Көңілдің арылмайды көп алаңы.
Япырмай!
Қалай аттап кетсем екен,
Қаныма азап салған шекараны.
Өмірге өтіп жатқан тоқтау қайда,
Желі де шекараның соққан майда.
Жүректі жапырақтай екі бөліп,
Өзені шекараның аққан қайда,
Көлденең сызықтар сап ақ маңдайға.
Демеймін бұл сөзімнен қағыс кетем,
Емес қой сол жер маған алыс,
Бөтен.
Жарылған жүрегімді қайта жалғап,
Толқындар,
Тезірек тіл табысса екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу