Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
238
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ДАРА ШЫҢ
Қазақтың байтақ даласын
Шарлады бүгін Алаш үн.
Әлемге атын паш етті
Тәуелсіз елім - дара шың.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған,
Жер үшін күшін тыймаған.
Батырларымен қазақтың
Аңызға толы күй-далам.
Ата-жұрт - ұлы қонысым,
Жан қиған бабам сол үшін.
Менің де, сарбаз сенің де
Отанды қорғау - борышың.
Көркейген елді асқақтай,
Қорғайық біздер қас қақпай.
Егемен елдің ұрпағын
Жүрейік жаудан жасқатпай.
Жеткізді Тәңір баққа шын,
Жау оғын енді атпасын.
Сан соғыс көрген қазақты
Қантөгістерден сақтасын.
Әумин
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇