Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  210


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

Тағдырдың сынын көп көрдім...

Тағдырдың сынын көп көрдім,
Дәмінен таттым әр жердің.
Қараңғы тұман басымда...
Бір күнде өзім сері едім...
Айналайын, Ақмола,
Кірімді жуған жер едің,
Жалғыз басым қаңғырды,
Мен қай ерден кем едім?!
Жүректің қаны шыдатпай,
Жеңілмейтін көп жауға
Қолымды өзім сермедім.
Елімнен ауып тентіреп,
Құба жонда мен жүрмін,
Құр өлең болып ермегім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу