Иманжүсіп Құтпанұлы

Иманжүсіп Құтпанұлы (1863 жыл, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929 жыл, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) — халық композиторы, әнші, ақын.

Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: