Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  104


Автор: Жәлел Қуандықұлы

КӨПІР

Өмір деген – сезім шын.
Өтер ер мен езің мың.
Көздерінен анамның
Алғаш бір леп сезіндім.
Қаламадым мезі үнді,
Еңсем кейде езілді.
Шиыр жолдан таптым мен
Өзімді.
Зымыраумен қас-қағым,
Асқақтады – асқарым.
Дәл осылай досымды
Жақсы көре бастадым.
Көнбей уақыт ырқына,
Алданбадым тұрқына.
Досымдағы адалдық,
Ғашық қылды ұлтыма.
Ойларымдай қымбат тым
Ынтықтырды жұмбақ күн,
Жұдырықтай жүрекпен,
Адамзатқа тіл қаттым.
Ұқсын, сезім күшін кім?
Қияға оны ұшырдым.
Сол анамның мейірі,
Қарыз екен, түсіндім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу