Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  88


Автор: Мерғали Ыбыраев

Бір болдың қайда жүрдім, қайда баспан...

Бір болдың қайда жүрдім, қайда баспан,
Қара бұлт – қара бұрым жайған аспан.
Соғыста өлім төккен, өмір жайлы,
Өз жырың махаббат боп майдан ашқан.
Сенің жырың жыры емес келімсектің,
Сенің әнің әні емес көңілшектің.
Кемеңгер Гетеменен қолтықтасып,
Өлермен жүректерге өмір септің.
Жанынның бар пернесі шыңсып күткен,
Елдегі хабар беріп тіршіліктен.
Кітабы түсіп жатты окоптарға
Ақ пұлдың екі жағы шымшып тіккен.
Әр сезің солдаттарға сыйға жүрді,
Оққа ұшқан, қоштасарда қинады ұлды.
Жатты алып жамбастағы планшеттен,
Қан сіңген қалыңдау бір жинағыңды.
Аулыма «Айттым сәлем» айтып келген,
(Баспасын аяқтарып қайтып кердең)
Сақтаған Европаның саушылығын,
Солдат боп Сенің жырың қайтып келген.
Сен барсың, сен солардың ішіндесің,
Сен жоқсың дегендігім – түсінбесім.
Кемел ой, келбетімде – түсімдесің.
Бір білек, бірлігімде – күшімдесің!...
Қан жайлау, қанатты ән нөсерлеген,
Қалам – алып күй салнық, көшем – өлең.
Бейбітшілік бірлігін шешеді өлең,
Қадірін Ұлы Абай Еселеген!
Тау тозады, теңіздер сарқылады,
Тоқталмайды өмірдің толқын әні.
Шағала – жыр, шаңқылдап, шарқ ұрады,
Қосылады, қарқынға қарқын өлі.
Жанардың жыл сендірер талай нұрын,
Сенбейді ақын деген қалай да ұғым!
Ай бетінде жүздесіп оқырманмен,
Әлі талай айтарсыз Абай жырын.
Тоқталайын осымен... Тоқтамайын,
Тұрайын сен шақырған шақта дайын.
Абай - жыр айналайын, ақсамайым,
Ақ сүтіңнен қалайша ақталайын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу