Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  162


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЕРТІС-82

Арнасында арыған құр сүлдері,
батты маған Ертістің күрсінгені.
Суы келер сирақтан – кел, түс бәрің,
тоқтап қалар сықылды Ертіс-тамыр,
менің ғана жүрегім дүрсілдеді.
Түбі ұқсайды бойға нәр бұрылатын,
түбі жүрек секілді бір ұратын.
Сөне жаздап көзінің шарасы жай,
төсегінде аурудың тап осылай
жатқан еді Бауыржан – ұлы батыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу