Өлеңдер ✍️
Қауырсын қанат қиялым
Қауырсын қанат қиялым
үлпілдеп ұзап ұшады,
Жылуын тастан ұяның
тасбауыр тінін құшады,
Қайратын қайрап күш-әлі,
таластың ділін тұсады.
Қырандай қиял қимылы
сананы судай сапырып,
тегімнің тылсым тұйғыны
жал құйрығын жапырып,
ауанды ауыстырады,
қызықпен қауыштырады.
Ғарыштың еніп қойнына,
Тәңірдің тілін ұғындым.
Мәңгінің мініп мойнына,
Бақилық баққа ұрындым.
Ойымды ойрандамайды,
толымды тойлар қамайды.
Заманнан қашу– заңдылық,
ерте ме, кеш пе пендеге?!
Жүректің үні жаңғырып
ойнай ма сегіз пернеде?!
Көңілді көкке көтерер
танылған текте от өрер.
Тегімнің түбі тілімді
ұстартып,
дабыл қағады,
Тереңнен тауып ділімді,
теңдессіз бағаланады.
Құнымды қымбаттатады,
Жайылар жұмбақты атағы!
Атады таңым арайлап,
Сергітіп салқын самалы.
Бұрқырап буы бал аймақ
тыныстар тауда шамалы.
Шуаққа ора
нғандаймын,
суатқа оралғандаймын.
Қауырсын қиял қырандай
жетіліп,
көкте қалықтар...
Алтайдан өрген ұландар –
Түркінің тегі – алыптар!
Әлемді жарықтандырып
туды ұлы халық мәңгілік!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇