Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
225
Аяқ асты келді де...
Аяқ асты келді де,
Күз бақтарға шүйілді.
Жетекке алған желді де,
Қабағы да түюлі.
Сан алуан түс астасып,
Бəсекеге түскендей.
Тұқырғандай басқасын,
Сары бояу күш бермей.
Қызыл түс те жамырап,
Қырға өрлеп барады.
Дірілдейді тағы да,
Жапырақ-жүрек...
Жаралы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇