Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  75


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Оғыландыдағы ойлар

Я, Бекет!..
Әруағың бұлттай аспанды шексіз торлады-ай,
Мен білсем, Ата, машайықтардың соңысың.
Кезің жоқ жатқан зәузаттарыңды қолдамай,
Қиналған сәтте ғайыптан бердің қол ұшын.
Сыйынды бүгін Мағырып пенен Машырық,
Тәу еткен жұрттан босаған емес босағаң.
Көңіліме қайтем кәпірдей күмән жасырып,
Пендеңді біздей жарылқауыңды қош алам.
Бұлдырап тауың, сылдырап мөлдір бұлағың,
Жүрекке сіңіп дертіме дауа дарытқан.
Мүбәрәк түнде Ай болып таққан тұмарым,
Тілейін тілек – атқанша мәңгі жарық таң.
Ғаршыдан түскен жұпарлы нұрды жұтам деп,
Келіп тұр саған дұғасын арнап бір бала.
Алдымен – Алла, содан соң – нәби Мұхаммед,
Шапағатыңды тигізе гөрші, Пір-Баба!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу