Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  257


Автор: Бақыт Беделханұлы

Жұлынымнан үзіліп түскен тамшы....

Жұлынымнан үзіліп түскен тамшы,
Менің жабағы ғұмырыма қамшы.
Жабығып жүрген кездерімде,
Қамшы астына алшы?!.
Мына жалғанға шыбын да
жаным – жалшы.
Менің арыммен ақиқатыңды аршы!
...Құлқыным баққан қу дүние,
Құлтабанымда қалшы...
Шеге-тұяқтың балғасы болған жырмыз.
Менің рухымды нұрлы кеудеге кіргіз.
Өлмейтін екі өмірімде де
Қолдасын, Үміт – Үр қыз!
Тас түнекті тіліп түскен жұлдыз,
Менің жүрек тұсымдағы мұңды үз!
Дыз еткен тырнақ ұшындағы,
Жандай шыққалы тұрмыз!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу