Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  118


Автор: Индира Кереева

Тірлік деген..

Бауырым,
қанша сүйгенмен,
Бұл өмір өтер күйбеңмен...
Айқасып ақ пен қарасы,
Ақымақ билеп данасын:
Тірліктің
көшін сүйреумен.
Сағың да сынар
сансыз тым,
Сан мәрте жанар
бағың да.
Неліктен
сонша қамсызсың,
(Бағың ба бұл,
сорың ба?...)
Құйындап өтер қайғысы,
Қиындап кетсе тірлігің.
Қаруы түгел сай кісі,
Қасқайып жүрер күн бүгін...
Тұншығып қалма тірліктің,
Талғамай ішіп тәтті уын.
...Тоқтамай таңы күн бітті,
Тойдырмай қойды шаттығың...
Бірімен бірі жұлысып,
Табылмай жанға керегі:
Жамандық көп қой,
сол үшін,
Ұрпағың жапа шегеді...
Әттең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу