Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  100


Автор: Аманхан Əлімұлы

Тағдыр

Көңілі ырза тағдырдың бергеніне,
Қартым шығып келеді төрге, міне.
Үш ұлының қызығын талшық етіп,
Шүкіршілік етеді көргеніне.
– Тағдыр, жалған, аялап жүрді кімді,
Өте қалсам, бұзбаңдар бірлігіңді.
Үш шаңырақ түтетіп отырыңдар,
Үшеуіңе тапсырдым тірлігімді, –
Дейтін қартым оңаша қалған кезде,
Өтті өмірден тынысын салған тезге.
Аманатын екеуміз орындадық,
Үшіншіміз кетті еріп жалған сөзге.
Отырғаным беріліп қайта мұңға,
Түсіме еніп атамыз, байқадың ба?..
Кенжесінің сұраса шаңырағын,
– Жел көтеріп кетті, – деп айтамын да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу