Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  93


Автор: Аманхан Əлімұлы

Елес

Тынбайды тірлік мұнда жел естімен,
Көзімнің алды тұнған белес кілең.
Жаныма жалғыз қалсам жалау болған,
Ұнатам сырласымдай Елесті мен.
Келтіріп құлағыма сезікті үнді,
Кей кейде жүреді ол кезіп түнді.
Шығамын кірпік ілмей ондай кезде,
Еңсені көңіл күймен езіп тынды.
Қаншама қырат-қырда сағым көшті,
Кеудемді тосып желдей ағынға есті, –
Сан тұрдым, Елес болса тəтті қылық,
Бал шақтың жалаңаяқ қағын кешті.
Елесті мазалайтын кейде келіп,
Желбіреп тұрған желге жейде делік, –
Десем де, жанарына жалған сиған,
Көрініп тұрар кейде бейне елік.
Келетін жел мінезді желік дейге,
Қу көңіл бозбас кезге еліктей ме?
Жеті қыз болып Елес мені сүйген,
Тұрады көз алдыма келіп кейде.
Жималап азды-көпті жазғанымды,
Жабыңқы жасап, сосын, жаз қамымды, –
Жанымды жабырқатып «Құстар əні»,
Беріліп отырамын сазға мұңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу