Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
241
Жүріп жатыр...
1
Екі қарға бір-бірін бұлбұл деді,
екі мәстек бір-бірін дүлдүл деді.
Екі арам бір-бірін адал деді...
Қарап тұрып оларға күлгім келді.
Біразының көрініп алдары кең,
қамқорсып көп сөйлесті қалғанымен.
Бір ғажабы– олардың дәл осылай
еместігін сендіре алмадым мен.
2
Кейбіреуі күмпиіп ойда жоқта,
қарап тұрып айналды жәй мазаққа.
Мынау– мынау, ал, анау– анау ғой деп,
жеткізерсің сыбырлап қай қазаққа.
Біреу білмей,
біреулер біліп жатыр,
біреу күлмей,
біреулер күліп жатыр.
Жақсы менен жаманын айыра алмай,
жүріп жатыр,
Біздің ел, жүріп жатыр
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇