Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  142


Автор: Сабырхан Асанов

Шекаралар

Шекаралар өзен, көлді аттауда,
кесіп өтіп,
құрық салып ақ тауға.
Шекаралар қажет бізге ауадай,
елдік пенен еркіндікті сақтауға.
Кейде тіп-тік,
кейде кетіп бұрылып,
жатқанымен,шекаралар– ұлылық.
Шекаралар– тас қамалдар, қорғандар,
қара ниет жандар жатар ұрынып.
Сондықтан да ол қасиетті, қастерлі,
тағзым етіп қарт та келді, жас келді.
Сондықтан да,
шекарада ұстаймыз,
күндіз
-түні қас қақпайтын әскерді.
Пайдаланып тауын, ойын тасасын.
шекаралар болу қазір аса сын.
Сақтық үшін сарып еткен жігерін,
біздің берік шекаралар жасасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу