Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
201
Қораз бен маржан
Түртіп жүріп боқтықты,
Тауып алды Қораз түйір маржанды.
Деді сонда: «Арзан бұл,
Керегі де жоқ тіпті!
Адам бұған неге сонша құмар-ақ?
Ал, мен үшін арпа дәні сыңар-ақ
Кіп-кішкентай болса-дағы жетеді,
Қарнымды тоқ етеді».
* * *
Надандардың әманда
Асылдарды осылай бағалауы жаман да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter