02.03.2022
  166


Автор: Сұлтан Оразалы

ТЕЛЕЭКРАН – ТІРШІЛІК АЙНАСЫ

 


Иə, біз не көріп жүрміз? Тұтастай алғанда тіршілікте көргеніміз бен түйгеніміз, əрине, аз емес, бірақ əңгіме теледидар жөнінде бол- ғандықтан, ол да өмірдің бір ағыны тəрізді болмысымызға ықпалын тигізіп отырғаны анық. Оны алысқа ұзамай-ақ, соңғы он жылда рухани дүниеміздегі аласапыран өзгерістерден: түңілу мен түйсіну, өсу мен өшу, үміт пен күдік билеген сəттерде нақты сезінгендейміз.


Иə, сонымен қазіргі қаптаған көп телеарналардан не көріп жүрміз? Телеарнаның көбеюі, сөз жоқ, бүгінгі жетістігіміз, еркіндігіміздің ай- ғағы дейік. Бірақ сол арналар нені, қалай көрсетіп жатыр, мақсат-мұрат- тары қандай дегенде, еріксіз тіксініп қаламыз. Өйткені тəуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап-ақ селдей қаптаған шетел ақпараттары, зинақорлық, қанқұйлылық, бізге жат діни өктемдікті күйттейтін кино, бейнефильмдер қазақ даласын албастыдай басып кетті. Қытайдың сапа- сыз тауарлары сияқты, сырты жылтыраған əр елдің бейнеқаңсықтары алдымен телеарналардан, соңынан қарақшылық жолмен тең-тең бо- лып елімізге жетіп, үй-үйді аралап, жас мемлекеттің іргесін қалап жат- қан халықтың санасын улады, жастарымызды сандалтып жіберді. Бас көтеруге дəрменіміз жетті ме? Бірен-саран телеарналар болмаса, пайда қуған жат жұрттықтардың иелігіне тиген – дəуіріміздің ең құдіретті идеологиялық қаруы өзімізге қарсы атылды. Тілімізді де, ділімізді де, мəдениетімізді де тəркі етті.


Тіл туралы шығарған заңымызды орындамақ түгілі, мазаққа айнал- дырды. Оған қазақтан шыққан мəңгүрттер қосылды. 1994 жылы Қазақстандағы жүзге жуық телеарнадағы қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі бар-жоғы 5–6 пайыздай-ақ екен. Бүгінгі жағдайымыз да содан көп өзгере қойған жоқ. Өмірімнің ең қызулы жиырма жылын арнаған бұл өнердің соңғы он жылдағы хал-жағдайын көрмей-білмей отырғаным жоқ. Қолдан келер дəрмен болмай, айтсақ сөзіміз өтпей, шарасыздық- тан «қалған көңіл – шыққан жанның» күйін кешкен жалғыз мен емес шығармын. Дегенмен осы төңіректегі көтерілген көп əңгімелер, БАҚ туралы заң талабын орындау жөніндегі соңғы кездегі қатаң талабы, Парламенттегі өткір пікір сайысы, Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Қазақстандағы 124 теле- радиокомпанияның тірлігін тексеріп, тендер өткізе бастауы бұл сала- дығы жаңа бетбұрыстың жақсы нышаны дер едім. Енді осы бұрауы жеткен істің тиегін босатпай, тілдік қарым-қатынастағы əділ талапты табанды жүргізетін болсақ, көп ұзамай көгілдір экранның жартысы қазақшалап кетері сөзсіз. Тіпті Кеңестік заманның өзінде қазақ-орыс тіліндегі телехабарлардың тепе-теңдігі қатал сақталатын. Қолдан шы- ғып кеткен сол тұғырды қайтарып, тұрақтап қалсақ, кейін аясын кеңейту қиын болмас. Əрине, ештен де кеш жақсы.


Əдет бойынша алдымен апталық бағдарламалар басылған газетті сатып алып, үңілесің ғой. Жер серігі арқылы жететіні, эфир арқылы


 


таратылатыны (кабельдік ТВ-ны қоспағанда) бар телеарналар саны он бестен асады екен. Бұл – қамтитын аумағы кең, ықпалы бар, өзін- дік бағыт-бағдары айқындалған шығармашылық ұйымдар. Солардың ішінде «Хабар-2» «Қазақстан» телеарналарынан басқа жеті-сегізінде қасқалдақтың қанындай қат, жүйесіз, əр жерде бір жылтыраған теле- хабарлармен қоса, негізінен ақпараттық бағдарламалар мен теле- жаңалықтар көрсетіледі. Бұл да болса дəтке қуат. Көркемдік дəрежесі сын көтермейтінін біліп тұрсаң да, жоқтан бар жақсы дейсің. Бəлкім, көш жүре түзелер.


Сонымен өткен аптада не көрдік? Шиырып, жинақтап қарағанда, көңілде үміт сəулесін жаққан еңселі туындылар деп, кейбірінің қай- таланып    көрсетілгеніне    қарамастан,    «Ой-көкпар»,    «Көзкөрген»,


«Ошақтың отын өшірмей», «Ғұмыр-дария», «Қазақтар», «Мың бір мақал», «Ботақан», «Ақжүніс» бағдарламаларының хабарларын жəне


«Еңселі елім», «Бірінші» деп аталатын тарихи-деректі фильмдердің екі премьерасын атауға болады. Бұлардың да көркемдік дəрежесі əрқилы, жеке-жеке алғанда түр, мазмұн жағынан қомақты ойлары болғанымен, əрқайсысының кемшіліктері де жетерлік. Олардың көп- шілігі сценарийінің (сол қазір жазыла ма екен өзі?) болбырлығынан, режиссураның кемшілігінен, телеоператордың талғамсыздығынан туындайды. Осы хабарлардың ішінде өзінің түрі мазмұнына сай, аты за- тымен астасқан шоқтықты туынды деп «Ой-көкпарды» атауға болады. Оның авторы Нұртілеу Иманғалиұлы – теледидардағы жақсы дəстүрді жалғастырып жүрген, ойы ұшқыр, ізденімпаз журналист. Сексенінші жылдардағы жастарға арналған хабарларында тіл көркемдігі, камера алдында өзін еркін ұстайтыны сүйсінтетін. Нұртілеудің «Ой-көкпары» негізінен терең ойлы, мол білімді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, айтары бар адамдарымен көрікті. Журналист бұл жерде бойын жа- сырып, сұрақтарын кадрдан тыс қояды. Онысы өте орынды. Өйткені негізгі мақсат – алдында отырған адамдардың ойының мəнділігі. Біз көрген хабарға жазушы Г. Бельгер мен қазақ өлеңдерін неміс тіліне аударып жүрген ақын Ғ. Мұқанов шақырылған екен. Екеуі де зиялы азаматтар. Əсіресе Г. Белгердің пікірлері бейтарап қалдырмайды. Ол – қазақ мəдениетінің тарихында айрықша орын алатын сирек талант иесі. Осы хабарда да қазақ қауымына сырт көздің сынын айтып, туған ұлындай қабырғасы қайысатынын сездіреді. Өзінің немістерін де аяған жоқ. Бірақ сөзінің бəрі шын еді, ұлы Мұқаң айтқандай, шын сын еді. «Ой-көкпармен» қатар осы аптада көрсетілген «Отан-оралман»,


«Ұмытпаңдар мені», «Дəуірнама», «Заң мен заман», «Дін мен діл» т.т. хабарларға да өнер мен əдебиеттің көрнекті өкілдері қатынасты. Олардың аузынан да салмақты сөздер шыққанымен, бұл хабарлардың əлсіздігі – қой, ешкісінің араласып кетуінде, дəн мен қауызды ажырат- пай, теледидардың монтаждау қабілетін жетік пайдалана алмаған ма- мандардың кемшілігі деу керек. Сөзге деген талғамсыздық «Айтыс» хабарларынан да көрінеді. Ұлы Мұхтар Əуезов айтқандай, əр ақынның


 


«сілтегені – перизат, сермегені кем қойғанда адамзат болып жараты- лып қала бермейтінін» ескергені жөн.


Өткен аптада əр түрлі жанрдағы хабарларымен көзге ерекше түскен журналист – Қайнар Олжай. Қайнардың осы аптада (жаңасы, бұрын тү- сірілгені бар) Жарасқан Əбдірашевтің өмірі мен шығармашылығын сөз еткен «Көзкөрген» бейнепортреті, Баян Өлгейдегі бауырластар туралы


«Қазақтар» сериясынан берілген репортажы, «Бірінші» деп аталатын Л. Брежнев пен И. Яковлевке арналған тарихи-деректік бейнефиль- мі, Қайнардың жобалауымен көрсетіліп жүрген «Мың бір мақал» ойындары теледидардың табиғатын терең түсініп игерген əрі өнімді еңбек етіп жүрген азаматты танытты. Оның «Көзкөрген», «Бірінші» атты портреттік бейне фильмдері телеэкрандағы бұрынғы жақсы дəс- түрді сəтті жалғастыруымен құнды. Бірақ «Бірінші» сериясындағы тарихшыларымыздың өз сөздерін жаттап алып, декларация оқығандай қалқайып немесе шалқайып тұрып сөйлегені хабарды түсіруші автор мен режиссердің кемшілігі екенін ескерткен лəзім.


Ал «Мың бір мақал» телеойыны бұрынғысынан ширап, көркемдігі арта түскенін байқаймыз. Бұл жерде хабарды жүргізушінің еңбегі зор. Əрине, телехабардың бұл түрі алдымен Европадан бізге Ресей теледидары арқылы келгені белгілі. Түрлік жағынан жаңалығы болмаса да, мазмұны біздің табиғатымызға жақын, тілді дамытып, сөз астарын, тіл мəйегін ұғынуға септігі тимекші.


«Ошақтың отын өшірмей», «Ақжүніс» атты хабарлардың көтеретін жүгі қомақты. Өнер мен ғылымның, əдебиет пен саясаттың белгілі қайраткерлерінің телеэкрандық бейнесін олардың зайыптары, ар- тындағы жақын-жұрағаттары, бала-шағалары арқылы ашуды діттеп жүрген «Ошақтың отын өшірмей» хабарының бойында үй-ішілік қарапайымдылық, нəзік жылылық бар. Ал «Ақжүністің» соңғы са- нында көтерілген «Жалғыздық» тақырыбын ұқсатып айтса – өмірлік те, философиялық мəні де өте терең. Тақырыптың қаншалықты ашыл- ғаны туралы əр түрлі пікір тууы мүмкін. Бірақ бір айқын нəрсе – осы хабарға қатысқан белгілі сахна шеберлері Гүлжамал Қазақбаева мен Бақыт Жаманғалиевалардың өмірдегі тамаша тұлғасы, қазақ əйеліне тəн кең пейілі, ішкі жан сарайларының əдемілігі ашылды деуге болады. Ал өкініштісі: аталған екі хабардың да сценарийлік жүйесінің толық ойластырылмауы, бөлек-салақ тұстарының болуы. Мысалы,


«Ақжүністегі» жүргізушінің олақтау сұрақтарын (Айшолпан деген қызға) қиып тастаса да артық емес еді. Сонымен қоса, бұндай күрделі тақырыпты талқылауға тек бала-шағаны жинап, отырғызып қоймай, орта, жасамыс адамдарды да шақырған жөн сияқты. Жүргізушілер де əзірге сөзді шебер, орынды айтуға қалыптаса алмай жатыр. Дегенмен бұл хабарлардағы жақсы талпынысты құптау керек.


Көптен бері көзімізден бұл-бұл ұшқан балалар хабарының туа бас- тауы қуантады. «Қалаймақан», «Ботақан» деп аталатын екі хабардың соңғысы сəтті шыққан. Бұның тəрбиелік мəні де, көркемдік сəні де


 


айтарлықтай. Тегінде балалардан артық шынайы артистерді табу қиын. Олардың осы қасиетін сəтімен пайдаланса, бұл хабарлардың да өрісі болмақ.


70–80 жылдарда көгілдір экранның көркі болған телеспектакльдер- дің соңғы он жылда жоғалып кетуі – телеөнердің дамуына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Көркем теледидар өзінің төл драматургиясынсыз дамымайды. Сондықтан оған көңіл бөліп, қайта жандандыру қажет. Осы мақсатта театр қойылымдарының теленұсқасын жасау кезінде жақсы нəтижесін берген еді. Бұл істе қазақ теледидарында Ш. Аги- шева, С. Шарипов, С. Естемесова, Ы. Қасымов, М. Байсаңбаев, Ж. Мұқа- таев, К. Қорғанова сияқты режиссерлар үлкен шеберліктер танытқан. Қазір сол игі дəстүрдің ұмытылғанына Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жастар театрының «Жан азабы» қойы- лымын көргенде көзіміз жете түсті. Бұнда театр шарттылығы қаз- қалпында, теледидардың ерекшелігіне бейімделместен көрсетіл- гендіктен, қойылым көркемдік қасиетінен айырылып қалыпты. Басқасын айтпағанда, жарықты дұрыс пайдаланбау, театр бута- фариясының тұрпайы көрсетілуі (бұғыларда) соны аңғартады. Тегінде дəстүрді білмей, алдындағылардың өнерін танымай, өнер тарихын өздерінен бастап жататындар осындай сəтсіздікке ұшырайды. «Теле- спектакль – театр спектаклінің жазбасы емес, телевизиялық нұсқасы» деген қарапайым қағиданы еске салуға тура келеді.


Кейбір басылымдарда өткен жылдың таңдаулы туындысы деп дə- ріптелген «Ұят болмасын...» хабарының осы жолғы санының мəн- мағынасы, қай ортаға арналғаны, көздеген мақсаты тым бұлдыр екенін айту лəзім. Қатынасқан адамдарда қапы жоқ, бəрі де белгілі тұлғалар, бірақ сөйлеген сөздері шала сауаттылау адамдарға арналғандай əсер қалдырды. Хабардың композициялық жүйесі болбыр, сюжеттері бір- бірімен кірікпейді. Əндері де фонограммамен айтылғандықтан, ода- ғай, жасандылығы сезіліп тұр. С. Аббас шах бастаған талантты топ жорғасынан жаңылғандай көрінеді. Байлаулы тұрған қызыл əтеші зорығып өлмей тұрғанда не хабардың сапасын жетілдіру керек, не басқа жол іздеген дұрыс. Əйтпесе ұят болуы мүмкін...


Телеэкрандағы музыка туралы көп айтуға болар еді. Бұл салада қырық жылдан бері жинақталған тəжірибе де жетерлік. Бірақ «Қазақстан» мен


«Хабар-2» телеарналары жобалаушыларының 5–10 минуттық хабар- ларға тым əуестігі байқалды. Сүйікті əншіні тыңдап үлгермей-ақ, шол- таң етіп хабары бітіп қалады. Бұл ретте тек қана Нұрсат Бейісқожаев- тың шығармаларына арналған «Сазды кеш» қана көңілден шықты.


Телеэкран – өмір тəрізді, ұшы-қиырсыз, шексіз құбылыс. Ондаған ақпараттар тасқыны – уақыт бейнесін, заман тұлғасын, адамдардың тыныс-тіршілігін   танытады.   Қазақстандағы   телеарналарда   соңғы он жылда қатты дамығаны да сол – ақпараттық хабарлар мен теле- жаңалықтар. Бұл мақалада, əрине, ол жөнінде сөз ету мүмкін емес. Дегенмен осы хабарлардағы журналистердің деректі пайдалану, оның


 


ішкі сырын ашу қабілеті, телеоператорлардың оқиғаны көрсете білу мүмкіндігі, жобаның композициялық құрылымы, ақпараттарды мəн- мағынасына қарай орналастыру, яғни хабардың архитектоникасы, сұхбат алушылардың сұрақ қоя білу шеберлігі, жүргізушінің ақпаратты жеткізуі, сөйлеу машығы, сөздердің, сөйлемнің дұрыс айтылуы сияқты мəселелерді көтеруге болар еді. Тілге тиек ететін жақсылы-жаман деректер экранда жыртылып айырылады. Бірақ бұл мəселе басқа бір мақалаға өзек болар.


Сонымен, бір аптада көргеніміз деп тек руханиятқа қатысты дүние- лерді ғана сөз етумен шектелдік. Ақпараттық бағдарламалар жөнінде тағы бір реті келгенде əңгімелерміз. «Хабардан» тележаңалықтардан басқа қазақ сөзін емге таппайсың, Ресей телеарналарынан айырма- сы шамалы. Тіпті осы аптада көңіл тұшынарлық сүйікті хабарларды орыс тілінде де көрмедік. «Қазақстан» арнасында талпыныс бар сияқ- ты, хабарларға талантты жазушы, журналистерді шақыруы – соның нышаны. Əзірге қазақ көрермендерінің рухани қажетті аздап болса да ақтап тұрғаны «Хабар-2» арнасы ғана. Басқа арналар енді-енді ояна бастапты. Іске сəт дейміз. Қазақ дейтін халық бар екенін, олар да өз тілінде телехабар көргісі келетінін ұмытпасақ болғаны.


 


«Егемен Қазақстан» газеті,


15 ақпан 2002 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу