Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  143


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЖЕТПІСТЕГІ ЖАНАР ТАУ

(Мұхтар Шаханов ағама)
Өтеді өмір бірде ыстық,
бірде ызғармен,
Адамның жасы өлшенбес
бірақ жылдармен.
Түңіліп кейде
жиырма бестегі кемпірден,
Жарасар сөзің
жетпіс бестегі қыздармен.
Жігіттер бар
сексен бестегі. Санасы,
Жиырма бестегі
шалдардан артық шамасы.
Жылуын жанның
жоғалтып алып сорлаған,
Жиырма бестердің
көзінің отын санашы?
Сыр беріп шашым,
маңдайға әжім орнасын,
Заңдылық бәрі –
екі жиырма бесте болғасын.
 Адамды сүйген
жүрегім менің – боз бала,
Адамзат әнін,
парасат әнін толғасын.
Жетпіс дегенің –
жағасы жайлау ақ бас шың,
Батасын алмай атпайды таң да,
батпас күн.
Жетпіс жасыңда
жанар тау болып атылдың,
Жасына жетпей
қартайғандардан сақтасын.
04.04.2013 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу