Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  4403


Автор: Жібек Ысқақова

Аға: 50 жас мерей тойға туған күнге тілек

Ашық-жарқын мінезі бар баурап алар,
Қасиеті бар бойында алда болар.
Бар жақсысын біздерге арнап жүрер,
Жан дүниеңді мінезімен жаулап алар.

Елу жасың құтты болсын ағам менің,
Биікте әркез жан аға бағаң сенің.
Бар жақсысын сыйласын бұл мерейтой,
Көңіліңе мұң салмай ағам сенің.

Арайлы болсын таңыңыз, ашық аспан,
Нұрға бөлеп жаныңызды, күн күлімдеп.
Амандықта болшы аға жүзің жарқын,
Ортамызда жол бастап сіз күлімдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Кайыржан
Кайыржан 17.03.2026 16:59
Інім 50 жас құда болып ұйлендірдім,әкесі 49 жасында қайтыс болды,менде оқып жатып ,доссордан келді,жұмысқа орналасты

Пікір жазу