Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  218


Автор: Исраил Сапарбай

Байыз таппас бақыттың

Байыз таппас бақыттың
Басқа түскен салмағы-ай:
Сенiмен бiр батып күн,
Сенсiз атқан таңдар-ай...
Берсең еттi бiр дерек
Əуезiме «əу» деп бiр?
Үмiт болсаң үргедек,
Несiне онда əуре еттiң?
Өмiр тоқып өрмектен
Арамыздан өттi ай, күн...
Хабары жоқ жер-көктен
Қадiрiңдi жоқтаймын.
Сарыауруын iзгi ойдың
Сары алтындай сақтаймын.
Неге сенi iздеймiн?
Неге сенi таппаймын?
Сағындырған кездердi
Сананда ылғи сақтау – мұң.
Құс та қайтар кез болды
Аржағынан Қап таудың.
Жанға дауа жарығы ең
Жалғыз ғана тiлектiң,
Қиын екен бəрiнен
Сыздағаны жүректiң...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу