Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.10.2021
225
Кiрпiгiме асылған
Кiрпiгiме асылған
Үмiт шығын үзбедiм.
Қауызынан ашылған
Гүлдерiмдi iздедiм.
Жапырағы жанымның
Сарғаймасын тым ерте
Шаттығыңды сағындым,
Күлiмдешi, Күн – ерке.
Саған iңкəр көңiлдiң
Көктемiне қарашы.
Өн бойымды лебiңнiң
От демiне орашы.
Бұрымыңды тарқатып
Иығыңа сал, Күнiм.
Тiл ұшынан бал татып,
Тынысыңа балқиын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇