Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
225
Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә
Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә,
Пысық болсаң, кінәлі тұрып, көпке ұна.
Қылмысыңның шығып жатып сирағы
Су жұқтырмай билік ал да, топ құра.
Қарама артқа көпке тиді кесірім,
Деп ойлама!.. Қате кетті несі мін!..
Қойдан қоңыр аман болса аңқау ел
Кінә тұрған жерде тұрады кешірім.
өмір қылық кінә Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇