Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  107


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Күлиләу

Қонған жері аулымның қоғалы көл-ай,
Қозысы өлсе қоңыр қой болады төл, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай.

Ерке қыздың аулынан шыққанымды-ай,
Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай.

Аулым көшіп барады Қызылжарға,
Таң рауаны шығыстан сызылғанда.
Осы әнге қоңырлатып сала бердім,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда.

Аулым көшіп барады Құмкөшуге,
Түйе жақсы тегінде мінгесуге.
Аулың алыс кеткенде, беу, қарағым,
Көңлім соқпас ешкіммен тілдесуге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу