Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  140


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Екі жирен (2 нұсқа)

Ғыззатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға құр жастықпен өтті заман.

Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.

Қарағым, айналайын, меһірбаным,
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным.
Айырылып сенен, сәулем, кетіп қалсам,
Жалғанда екі бірдей болмас мәнім.

Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу