Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  2084


Автор: Мұқағали Мақатаев

Жарығым-ай!

Жарығым-ай!
Тұман торлап жүзіңді қалды ма-ай!
Деуші еді ғой: «Жалғыздың жары Құдай»,
Неге таси береді қаным ұдай?!

Жалт етеді бір үміт, тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп.
Қаным сыймай барады арнасына,
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Селдеткенде, екі өзен тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп, .
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?!

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады, толқынды атып.
Бәрі келіп, тоғысып,
Жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

Соққанда кеп миымнын жарқабағын,
Бір минуттық тынымға зар боламын.
Менін жарық дүнием, шуағыңды
Ала кетсем деймін де, қарманамын...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Акон
Акон 17.02.2026 19:59
Өте күшті өлен
Фариза
Фариза 07.02.2026 20:59
Өте жақсы
Алалу
Алалу 05.02.2026 21:27
Оте керепет айтылған!
Дари
Дари 15.01.2026 16:43
Керемет

Пікір жазу