Өлеңдер ✍️

  28.03.2021
  2324


Автор: Мұқағали Мақатаев

Байқа, қалқам!

Қалай?!!
Қалай?!
Қалқам, маған не дедің?!
Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Өзім жайлы жалғыз ғана дерегім -
Өзгелерге түсініксіз өлеңім.
Өмірім бар, өкпем де бар, наз-мұң да.
(Аңдап көргей, өзім жайлы жаздым ба?!
Қаршадайдан өмір кешіп саз, құмда,
Ақылымды ат тепті ме, аздым ба?!
Түсінбеймін неге келдім?!
Heгe өттім?
Мына өмірде нені жойдым, нені ектім?!
Байқа, қалқам!
Мен де саған керекпін!
(...Қазір қыс қой, жапырақсыз терекпін.)



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

11.02.2026 19:02
Жаттайынба
Аймира
Аймира 15.01.2026 22:43
Өте күшту өлен
Ақжарқын
Ақжарқын 04.02.2024 19:08
Өте күшті өлең? М. Мақатаев атамыздың туылған күніне дайындалып жатыр едік тез жаттап алдым ??өте өңай екен сіздерге рахмет☺️

Пікір жазу