Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2026
42
Күні-түні қараудан - көз қалуда, Күні-түні тілдеспей - сөз қалуда. Қиын бізге - жастарға, сәл ойланып, Қимылдауға, жүруге, қозғалуға...
Күні-түні қараудан - көз қалуда,
Күні-түні тілдеспей - сөз қалуда.
Қиын бізге - жастарға, сәл ойланып,
Қимылдауға, жүруге, қозғалуға...
"Агент", "твитер", "ватсапта" ой жазамыз,
"Инстаграммда" суретпен бой жазамыз.
Вк-да біз жайғасып, сағат сайын,
"Виртуально" сезіммен ойнағанбыз..
Бір-бірімен танысып, алаң болған,
Қызыңменен желіде, балаң қонған...
..Білемісің? Бауырым, бұл заманда,
Некелесу, ұрысу - ғаламтордан!
Қол босаса қадалған жанарымыз,
Байланысты көңіл де, қабағымыз..
Таба берсе жалғасын - жастарымыз,
Мәңгүрттеніп,
Мәңгілік қалады-мыс!!!
Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇