Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.06.2026
22
Бейсен Құранбекке арнау
Ұлтыңның бұзылмаған арымысың?
Көкейімде қалып тұр тәлімі шын.
Қалай ғана жеткізу қолдан келсін?
Еліңнің сізге деген сағынышын.
Қайран Бейсен халқымен бірге болған,
Жаралған жан едіңіз халық үшін.
Әр сөзін сөйлейтұғын кесімдермен,
Мен сізді қайталанбас Есіл дер ем.
Әділдікті ту еткен, қайран аға,
Алдыңда іс қалмаушы еді шешілмеген.
Қаныңнан жалғастыма тектілігің?
Тек еліңе арналды көп ғұмырың.
Қанша атақты, мансапты болсаңдағы,
Сіздей ешкім тыңдамас көптің үнін.
Сіз барда, бекем еді сеніміміз,
Өнегеден тұратын өміріңіз.
Мәңгілік сағынышқа айналдыңыз,
Толмайтын өкініш боп орыныңыз.
Жақсылардан өшпейтін із қалады,
Солай қорғап жеткізді бұл даланы.
Сізге қарап бой түзеп жас ұрпақтар,
Өзіңіздей жандардан үлгі алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇