19.06.2026
56
Құрметті жас түлек!
Бүгін сендер алтын ұя мектептеріңмен қоштасып, үлкен өмірдің даңғыл жолына жолдама алып тұрсыңдар. Бұл — тек мектеп бітіру мерекесі ғана емес, сенім мен үмітке толы жаңа белестің, дербес өмірдің бастауы. Мектеп қабырғасында алған терең білімдерің мен ізгі тәрбиелерің алдағы уақытта сенімді серікке айналып, биік мақсаттарға жетелейтін шамшырақ болары сөзсіз. Білім — таусылмайтын қазына, ал оны дұрыс бағытта қолдану — жарқын болашақтың кепілі.
Егемен еліміздің ертеңі, ұлттың тірегі — сендерсіңдер. Жүректеріңдегі жастық жалын мен бойларыңдағы білімге деген құштарлық кез келген қиындықты еңсеруге күш береді деп сенеміз. Қадамдарың нық, армандарың асқақ болсын! Жаңа өмір айдынындағы сапарларың сәтті болып, еліміздің мақтанышына айналыңдар. Ақ жол, жас түлек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇