19.06.2026
75
Құрметті 11-сынып түлектері!
Мектептегі қызықты да мазмұнды жылдар артта қалып, жаңа өмірдің жауапты әрі маңызды кезеңі басталғалы тұр. Осы уақыт ішінде жинаған білімдеріңіз, достарыңызбен бөліскен қуанышты сәттеріңіз және алған өмірлік сабақтарыңыз әрқашан өздеріңізбен бірге болады. Бұл – үлкен армандарға бастайтын жаңа сапардың бастауы.
Болашаққа нық сеніммен қарап, өз мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыруға талпыныңыздар. Қандай қиындық кездессе де, білім мен жігердің арқасында оны еңсеруге болатынын ұмытпаңыздар. Армандарыңыз асқақ болып, әрбір қадамдарыңыз сәттілікке толы болсын. Еліміздің мақтанышына айналатын білімді де білікті азамат болуларыңызға тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇