Эсселер ✍️
ҚОЗЫКӨШ (Бір ғана... Бір бала)
Қазақта бір кезде осындай ән болғанын жұрт біле бермейді. Ол жалпақ жатқан Сарыарқаны жайлаған елдің көш салтанатының жарқын көрінісін елестететін ән еді.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында конфискация дүрбелеңі басталды, коллективизация қусырып кеп берді, сауатсыздықты жою науқаны жұргізілді. Уақыт... саяси ахуал жаңа социалистік құрылыстың бір демеушісі ән екенін «түсіндіреді». «Жаңа үлгідегі» әндер «жасау» да коммунистік идеологияның «сара жолымен» шешілді. Ежелден бір сөзіне қылау түспей, кінарат шалмай, саф алтындай жарқырап, пәк күйінде сақталған осы ән:
Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды Угай-ай,
Ән салшы-ай Бір бала-ай!
Қос етек бұраң бел, Қуалай соғар қоңыр жел.
Білім түлкі болғанда, бүркіт бала,
Талап етпеу жас шақта жарамайды, – деп өзгер-тіліп, өуелгі сыр-сы-патынан ажырады да шықты. Қайырманың негізі сақталды. Тек «бір ғана-ай!» дейтін жолын «Бір бала ай» деп «құбылтты». Осылайша «түрленген» әннің екінші шумағы ретінде:
Елдің көркі, ақ тоты бір баласың
Көзі қиып қай дұшпан жамандайсың! – дейтін жолмен мүлде ой жү-йесіздігіне тіреді. Бұл қойыртпақ аз болғандай дүмше қолдар әнге енді өзін-ше дін-аман айтылып жүрген әйгілі Берікбол әншінің «Ағаш аяғының».
Айналайын, қарағым, келдің қайдан, Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан. Мекеніңді, қарағым, айтып қойшы,
Жат болмағы адамның осындайдан, – деп келетін жалынды, жайсаң, құ-марлық сөзін жапсырды.
Өзінің атынан да, затынан да айырылған бейкүнә ән — «Бір бала» атанып, жинақтан жинаққа, әншіден әншіге көшіп, айтылып жүр. Мен Арка елінен «әннің аты бұлай емес еді. Сөзі баска еді» деген сөздерді жиі естідім. Әсі-ресе, Көкшетау жағынан. Біржан салдың еліндегі сырлы көкіректі зерделі жандар әннің өз сөзін ұмытқандарына қынжылып, «о, ол кешегі көш қы-зығының… жайлаудың... қыз бозбаланың әні еді ғой», деп мысы құритын. Бағзы біреулер:
Өлең айтқым келмейді қарлыққан соң, Қүла бесті жүрмейді шалдыққан соң. Қалқатайдың ауылы алыс жатыр.
Жолға шықтым сағынып қамыққан соң, – деп бастап ар жағын еске түсіре алмаса,
Жезқазған төңірегі әнді: Угай-ай,
Ән салшы, қыздар-ай. Қос етек, қыпша бел,
Солқылдар соқса қоңыр жел,— деп қайырады.
Қалай десек те Көкшетаудағы бір қария сөзді кісілер бұл әнді «Козыкөш» деуден жазбады.
1990 жылы ақпан айының сегізі күні осы жолдардың иесіне көп белгісіз әндерді магнит таспасына жаздырған халық әншісі Мәлікқызы Күләндам (Арқалық қаласынның түрғыны) отырып бір кезде: «Оу, әннің төресін ұмы-тып барады екем. «Қозыкөш»... е, оны кейде «Бір ғана...» деп кеткен ел... сол ән «Бір бала» боп айтылып жүр, бүгінде, қозысынан айырылған қойдай боп...» дегені.
Сонда Күләндам менің қасымдағы өңкей жас ақын, жазушы, журна-листерге қарап былай деді: — Бұл біздің Сарыарқаға жайылған ән. Әке-леріміздің әкелері айтыпты. Одан арғысын, білмеймін, әрине. О бастағы аты — «Қозыкөш». Баяғыдан солай еді. Ел жастары жылда сәуірдің аяғы мамырдың бас кезінде елдің жайлауға көтеріле көшетін сәтін тағатсыз кү-теді ғой. Көш... қазақтың көшінің сәні, салтанаты... ой, шіркін, дүние, оның шет жағасын өзіміз көрдік те. Жасыл алқапта тырнадай тізіліп, қоңыраулы көш-керуен көк-жиекке бет түзеп кетіп бара жатады. Бір қапталда жер қы-йысқан мал жылжиды, бір қапталда көк белестен ойнақтай асып, заулаған арғымақтар... әндер шырқалады... қызылды-жасылды киінген қыз-бозбала ойыныны басталады: қамшы тастамақ... жерден орамал алмақ... айтыс... тай үйрету... ибалы қыздарға қиыла жанасқан жігіттің «Бір ғана ән салшы-ай!» деуі албырт жүректің үздіккен іңкәрлік сезімі боп түскен ғой «Қозыкөш» әніне! Ән даланың қоңыр желіндей жұмсақ назды. Бұл әнді мен өз әкеммен кұрдас, өзі әнші, күйші Ахметхан Әбіқаев деген кісіден үйреніп едім. Ах-метхан аға өле-өлгенше осы әнді «Қозыкөш» деп айтып өтті. Оны дәл солай деп біздің Торғай өңірі шырқайды. Әннің сөзін мен үмытқам жоқ, ол былай боп келеді:
Аулым көшіп барады Қозы көшке, Қозы көште болған іс түседі еске Угай-ай,
Ән салшы-ай, Бір ғана-ай!
Қос етек бұраң бел, Қуалай соғар қоңыр жел.
Көш бойында, қалқам-ай, бір ән салшы, Өмір бойы шықпастай жүрсін есте. Угай-ай,
Ән салшы-ай, Бір ғана-ай!
Қос етек, бұраң бел, Қуалай соғар қоңыр жел.
Бола бергім келмейді қайыруға, Не демейді жау-дұшпан айыруға, Қайырмасы:
Жау-дұшпанның тіліне ерме, қалкам, Қоңыр қаздай шығайық жайылуға. Қайырмасы:
Әуел баста «Қозыкөш»... одан жұрт «Бір ғана» деп... кейін «Бір бала» боп өзгертілген әнді — «Козыкөш» дейміз. Осы «Қозыкөш» Мұқтар Әуезов-тың «Абай жолы» романында Біржан салдың Абай ауылына келіп, ел ішін есті де асқақ әндермен дүбірлеткен дулы күндерде және оны қимастықпен салтанатты түрде шығарып салу сәтінде Тобықты елінің өнерлі жастарының өбектеуімен сондай тебіреністі сезіммен айтылады ғой. Сол жастар Біржан аға, осы әніңізді ос ылайша шырқатып жүреміз деп, қоштасады. «Қозыкөш» -Біржан салдың ұмытылған әнінің бірі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter