Эсселер ✍️

  06.05.2026
  30


Автор:  Ілия Жақанов

БІРЛӘН

Біржан салдың зарықтырып таптырмай жүрген бір әні – “Бірлән”. Оны бір кезде әншілер көп шырқаған. Келе-келе айтушылары си-реп, бір күндері мүлде ғайып болған-ды. Біржан салдың әр кездер-


де шыққан жинақтарында ол әннің сөзі бар, бірақ оның етек-жеңі жинақы, бәзбаяғы қалпында мінсіз сақталған нұсқа деуге болмайды. Оны әркім өзін-ше жеткізген. Әр жері кетілген, мүжілген, ақауы бар өлең. Сол жинақтар-да “Бірлән” әнінің шығу тарихынан хабар беретін, ең болмаса, бір-екі ауыз түсінік те жоқ.


“Бірлән” әнінің хикаясын тек көрнекті жазушы, ақын Ілияс Есенберлин “Біржан сал” атты поэмасына арқау еткен. Сері көңілмен төгілте жазған поэма ә дегеннен:


Сал біржан жол бермеген аптыққанға. Өлеңмен өрт жіберген қақтыққанға. Қырыққа жетер-жетпес жалын шағы, Дүниеден күткені тек шаттық қана!


 


Аралап жүргенінде Ұлы жүзді, Кездесіп Жетісудың ақын қызы. Сараны жеңіп Біржан Ешкі өлместе,


Тұсы еді көтерілген бақ жұлдызы! деп, әнші данқын аспандатып, ардақ-ты басталады.


Ілекең Біржан салдың зипа бойын, сән- салтанатын сөз гауһарымен зер-леуге барын салып:


Жал-құйрық жерге түсіп көміп жатқан, Кертөбел жорға мінген көбік атқан. Ақсары топ алдында сұлу кісі


Тұлғасы анадайдан көзді тартқан. Айменен ойнап ақық қалмақ ері, Түрленген шапанының алтын зері,


Бұл Біржан Сарыарқаның ардагері, – дейді.


Міне, көз алдымызда       – айлы түнде жол жүріп келе жатқан Керейдің асылы Біржан сал! Жер – көкке сыяр емес. Ендігі бағыты – Нұра бойын-дағы қалың арғын ішіндегі қырғыздар. Тарихтан белгілі – Шоқанның ең-бектерінде анық жазылған, Абылай хан кезінде қырғыздың жиырма мың түтінін олжалап алып келіп, Көкшетаудан бастап, Қарқаралы төңірегіндегі Қаракесекке, Сарысу, Нұра бойындағы Қуандыққа, одан Ұлытаудағы Ба-ғаналы Найманға дейін таратып, сіңіріп, ел қылып, өркенін өсірген. Ілияс Есенберлиннің тарихқа қаншалықты биік өресі болғанын зерделі жұрт оның әйгілі романдарынан біледі. Сондықтан Біржан салды Нұра бойындағы қыр ғыздарға қарай жетелесе, ол ойдан шығарылған сюжет деп күмән келтіруге бола қояр ма, екен? Жоқ. біржан салдың көп қызықты дәурені сол қырғыздардың арасында өткен. Тағы да аңсап көп қызықты дәурені сол қырғыздар-дың арасында өткен. Тағы да аңсап шыққаны сол жақ. Оны бейнебір деректі прозадай баяндайтын шырайлы поэзия тілімен “сөйлетіп” көрейін:


Біржанға жеткен хабар ұзын ырға, Нұраның кірме – Шөкей қырғызында, Адамның періштесі деп естіген


Бір қыз бар ұқсайтұғын хор қызына!


 


Осындай еміс- еміс үндер жетіп, Сол қызды бір көруге көңілі кетіп,


Жол жүріп Қотыр, Шортан алқабынан, Сал Біржан келе жатқан түнделетіп…


Қотыр, Шортан мен нұраның арасы талай жер. Біржан сал тобы бір түні емес, бірнеше түнді өткізіп, салдыртып жүріп отырып, тағы бір түні бір көлдің жағасына жетіп тоқтайды. Дем алады, ат шалдырады. Кенет әлде-қайдан бір ән естіледі. Біржан сал Бірлән қыздың әнші екенін білетін-ді. Сол бірлән бе бұл? Соның үні ме? Осы сұлу үнді Ілекең:


Дауысы әнші қыздың дерсің сырнай, Кеткендей бойға жастық өрті сыймай. Қозғайды жүрек күйін, жан жүйесін, Тұрғандай жарға берген сертін қимай.


 


Дегендей әнді гүл ғып себейін бе? Жырымды нұр орнына төгейін бе? Жас Бірлән тоқсан түрлі үн толғайды,


Тұрғандай тоқсан бұлбұл көмейінде, – деп Біржан салды естен тандыра суреттейді.


Өзі әнші атаулының асқан пірі Біржан сал мен Бірләнді бір – біріне ын-тықтыратын құдіреті нәрсе – ән. Біржанның ең сәулелі, шуақты күндері Бірләнмен өтеді. Қыздың тегі – қырғыз, әкесі – Асылбек, ол Нұра бойында-ғы бар қырғызды уысында ұстаған, құрығы ұзын, қазақтың ірі байларымен иық теңестіретін дәулетті кісі. Бір бай әулетпен құда болып, алық – берік жасап, Бірләнді ұзатам деп жүргенде еліне Біржан сал келе қалады. Бірлән-мен жүздеседі, танысады, жастар думаны қыз ойнақта бірге отырып, бірге жүреді. Бір-біріне ғашық лебіз білдіреді. Бір күндері Біржан сал еліне қай-тады. Осы кезде Нұра, Күланөтпес жағасынан бастап Көкшетауға деін бір-бірімен ұштасып жатқан ел:


Қарағым, айналайын, көз көргенім, Бұралған тал шыбықтай қыпша белің. Тілің – бал, тісің – меруерт, көзің – нәркес, Есімде “мен сендік” деп сөз бергенің


Ахау, Бірлән, Әнім түрлен,


Ән еді жаңа шыққан, Жастар, үйрен!


Көрінер сұлу жирені жарағанда, Шаштарың гүл-гүл жайнар тарағанда. Таңданып жығылуға таянамын,


Мойыныңды бұра тастап қарағанда, – деген әнді шырқата бастайды. Арада онша көп уақыт өтепейді. Біржан сал мен Бірлән арасындағы бір хикаяны осы әннің өзі-ақ айтып береді. Қыз әкесі Асылбек құдалық салтын бұзбайды. Бірлән айттырған жеріне ұзатылып кете барады. Ел әңгімесі осы-лай.


Ал Ілияс Есенберлиннің поэмасы, негізінде, осы оқиғаның жөнімен жү-реді. Әлбетте, ол көркем шығарма, оның өз заңдылығы бар. Поэма кейіп-керлерінің аты-жөнін өзгертіп айтуы да мүмкін. Оқиғаға драмалық тартыс кірігізіп, ширықтырып барып шешуі де ақынның өз қолындағы іс. Сондық-тан болар, поэманың соңында Бірлән құса-дертке шалдығып, ақыры “Әупіл-дек” көліне кетіп өледі. Бұл жерде осы “Әупілдек” көліне кетіп өлген Дәмеш қыздың қайғылы тағдыры елестеп өтеді. Бұл – шын болған жай. Ілекең поэ-маның оқиғасын экстазға шығара шарпыстырып, қиындатып, шиеленістіріп әкеліп, ең соңында трагедиямен бітіргісі келіп, Дәмештің өлімін Бірләнға берді ме екен? Әйтпесе, ел аузындағы әңгімелерде Бірлән ондай қайғыға ұшырамайды. Пешенесіне не жазды, соны көріп соған көніп, өзінше ғұмыр кешкен. Оның тағдыры Ақтотыға, Қорланға, Ақбөбекке, Ақбөпеге ұқсас.


Біржан салдай үлкен жүректі композитордың жүрегіне шоқ салған Сал Бірлән қыз әнші сүйген арулардың ғажайып галереясында өлмес, өшпес ән тудырған бір асыл бейне боп қиял тербкйді.


“Бірлән” әнін мен Баян – Өлгий радиосының фонотекасынан таптым. Әнді Мүтәліп есімді әнші жаздырған. Ән радиодан жиі берілгендіктен пленка әб-ден ескірген. Бірінші шумағының сөздері анық емес, қайта-қайта тыңдап, қағазға түсіре алмадым, бірақ жобасы дұрыс. Ал екінші шумағы қаз-қал-пында, дін аман сақталған.


Енді “Бірлән” әні қайта тіріліп, қайта жаңғырып, жаңа леппен қайта шыр-қалады. Жақсы әннің ғұмыры иесінің ғұмырынан да ұзақ болатын көрінеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу