Эсселер ✍️

  14.03.2026
  58


Уақыт - ең қымбат байлық

  Уақыт - адам өміріндегі ең қымбат байлық. Дүние-мүлік, ақша барлығы еңбекпен келеді. Бірақ уақытты кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан әрбір адам өз уақытын бағалап оны пайдалы істерге жұмсауы керек.
  Адам бір орында тоқтап қалмаса, уақыт тоқтап қалмайды. Кейде уақыт өтпей жатқан секілді болып көрінеді. Бірақ ата-анамның шашына ақ түсіп, қалай қартайып жатқанына куә болып, уақыттың жылдам өтіп жатқанына қайран қалады екенсің. “Тезірек жаз басталса екен, тезірек мектепке барсақ екен, тезірек өссем екен” деген ойлардың жетегінде жүргенде қалай балалық шақтың шыңына жетіп, ересек өмірге аяқ басып бара жатқанымды білмей қалыппым. Өмірдің формуласы осындай екен. Біз бірнәрсені күтіп жүргенде, алтын уақытымызды қалай жоғалтып жатқанымызды білмей қаламыз. Сол үшінде өмірімізді бос сенделіске, ұйқыға, біреудің өміріне қызығуға жұмсамау керекпіз. Керсінше өмірден ләззат алып, әр секундтың, әр минуттың бізге берілген мүмкіндік екенін түсініп, қоғамға үлгі боларлық тұлғаға өзіміз айналу керекпіз.
  Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің ақын Алмас Темірбайдың өлең жолдарымен қортындыласақ. Жиырма төрт сағат берді Алла Балаға, кемпір-шалға да. Жас болып мәңгі жүрмейсің, Мәңгілік өмір сүрмейсің. Үнемдеп жұмса уақытты, Бітеді ол қашан білмейсің. Әдемі сағат таңдайсың, Көресің ұстап әрқайсын, Он сағат сатып алсаң да, Уақытты сатып алмайсың. Уақытты жинай алмайсың, Біреуге сыйлай алмайсың. Уақытың бітсе, сен оны Қарызға сұрай алмайсың. Бұл өмір деген ─ қас қағым, Өтер де кетер жас шағың! Сыйлатқың келсе өзіңді, Уақытын сыйла басқаның...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу