Эсселер ✍️

  18.02.2026
  13


Автор: Зарина Талдыбаева

Әйелдердің құқықтарын қорғау жолындағы күрес

Адамзат тарихында матриархат пен патриархат кезеңдері белгілі. Алғашқы қоғамдарда әйелдердің рөлі едәуір маңызды болғанымен, ерлердің сыртқы қауіп-қатерлер мен аң аулау, қорғаныс сияқты міндеттері қоғамда басымдыққа ие болған сәттен бастап, патриархат үстемдік ете бастады. Бұл кезеңде әйелдер қоғамдағы екінші рөлге ығыстырылып, көбінесе үй шаруасымен айналысқан.


 


Тарих деректері соңғы патриархалды қоғам біздің заманымызға дейінгі 4 мыңыншы жылдары басталғанын көрсетеді. Сол кезден бастап әйел қауымы біртіндеп өз ықпалынан айырылып, қоғамдағы рөлін жоғалта бастады. Әйелдердің екінші сатыға түсуі олардың ерлерге қызметші ретінде қаралуына, санаспауы мен әлеуметтік теңсіздікке ұшырауына себеп болды. Полигамия, әйелдерді құлдыққа салу, олардың пікірін тыңдамау, қоғамдық іс-шараларға қатыстырмау және жыныстық зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар әлемнің көптеген елдерінде байқалған.


 


 


 


Әйел құқықтарын қорғау бағытындағы алғашқы әрекеттер XIII ғасырда басталғанымен, олар жүйелі түрде Фрaнцуз революциясынан кейін көрініс тапты. Мэри Уолстонкрафт 1792 жылы жарық көрген «Әйел құқығын дәлелдеу: саяси және моральдық тақырыптарға қаталдықтар» атты еңбегінде әйелдердің білім алу қажеттілігі мен ерлермен тең құқыққа ие болуын насихаттаған. Бұл еңбек феминистік философияның алғашқы маңызды шығармаларының бірі болып саналады


 


 


 


1793 жылы фрaнцуз жазушысы Олимпия де Гуж дайындаған «Әйел азаматтардың құқықтары туралы декларация» Ұлттық конвент тарапынан қабылданбағанымен, әйел құқықтарын қорғау қозғалысының қарқын алуына зор ықпал етті. Ол ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті жария түрде бекітуді ұсынды, бірақ бұл идея сол заманда қабылданды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу