Эсселер ✍️

  14.02.2026
  18


ҮНСІЗДІК ТЕ-ЗОРЛЫҚ

Мектептегі бір мысқыл,достарыңның сені елемеуі немесе әлуметтік желідегі


дөрекі,келемеж сөздер-алғашында елеусіз көрінуі мүмкін.Көзге көрінбейтін,бірақ


салдары ауыр бұл құбылыс-буллинг-қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне


айналды.Мыңдаған жасөспірімнің өміріне тырең із қалдырған нақты не нәрсе?


Буллинг-бұл қудалау нысанына айналған,қорқыту,ашуландыру немесе масқаралауды


көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.Ол көбіне жасөспірімдер ортасында,әсіресе


мектеп қабырғасында аса байқалады. 2022 жылы жүргізілген ұлттық зерттеу


нәтижесіне сәйкес, елімізде балалардың 17,5 пайызы буллингке уақыт өте


ұшырайтынын айтқан. Ал сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8 пайызы айына


2–3 рет қорлау мен қорқытуды бастан кешіретінін мойындаған. Сонымен қатар, 11–15


жас аралығындағы балалардың 14,1 пайызы өздері қатарластарына қатысты буллингке


қатысқанын ашық айтқан. Буллингтің алдын алу және оны азайту үшін кешенді тәсіл


қажет. Мамандардың пікірінше, бұл мәселені тек жазалау арқылы шешу мүмкін емес,


ең бастысы – алдын алу және ерте әрекет ету.


Ең алдымен, мектептерде қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру маңызды. Оқушы


өзін еркін сезініп, қорықпай ойын жеткізе алатын жағдайда ғана буллинг дер кезінде


анықталады. Осы мақсатта көптеген білім беру ұйымдарында сынып сағаттары,


тренингтер мен ашық әңгімелер ұйымдастырылып, оқушыларға бір-біріне құрметпен


қарау, эмпатия таныту ұғымдары түсіндірілуде. Буллингке қарсы күрес тек мәселені


анықтаумен шектелмей, нақты шараларды да талап етеді. Биылғы жылы елімізде 149


буллинг фактісі ресми түрде тіркелген. Бұл көрсеткіштің өсуіне соңғы заңнамалық


өзгерістер де әсер еткен. Өткен жазда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық


түрі үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізіліп, буллингке әкімшілік


жауапкершілік қарастырылды. Қазіргі таңда еліміздің бірқатар мектептерінде


антибуллингтік жобалар енгізілуде. Атап айтқанда, тоғыз өңірде «ДосболLIKE»


бағдарламасы апробация кезеңінен өтіп жатыр. Ал елордада бес білім беру ұйымында


халықаралық KiVa бағдарламасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Бұл жобалар


оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыруға, агрессияның алдын алуға


және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған.


Буллинг салдары өте ауыр.Қорлық көрген жасөспірімнің психикасына зақым келіп өз-


өзіне тіпті қол жұмсап жіберуі мүмкін. рлық көрген жасөспірім өз-өзіне деген сенімін


жоғалтады, тұйықталып, жалғыздық сезіміне бой алдырады. Оның сабаққа деген


қызығушылығы төмендеп, үлгерімі нашарлауы мүмкін. Кейбіреулер өз ойын ашық


айтуға қорқып, үнемі қысымда жүргендей сезінеді. Бұл жағдай ұзақ уақытқа созылса,


адамның тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді.Психологиялық зақым келген тұлға


алдағы уақытта болашағын нақты жоспарлай алмай әрі қарата тұлға ретінде қалыптаса


алмайды себебі,оның бойын қорқыныш пен үрей емденіп алған.Бұл мәселемен күрес


тек бір тараптың мінездеті емес.Мектепте қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру


қажет.Мұғалімдер оқушылар арасындағы қарым-қатынасты біліп,буллинг салдарының


алдын алулары жөн.


Ата-ананың рөліде ерекше.Бала үйден өзін қауіпсіз сезініп,оз ойын ашық жеткізе білуі


қажет. керек. Егер ата-ана баласының мінез-құлқындағы өзгерістерді байқаса –тұйықталу, көңіл-күйдің күрт түсуі, мектепке барғысы келмеу – бұл дабыл белгісі


болуы мүмкін. Мұндай жағдайда баланы кінәламай, қолдау көрсету аса маңызды.


Жасөспірімдердің болашағы үшін ең бастысы-үнсіз қалмау.Буллингке ұшырау бұл


әлсіздік емес.Егер адам өзі буллинге ұшырамай,басқа біреудің ұшырағанын байқаған


сәтте,үнсіз қалмай,дер кезінде қол ұшын берген жөн.


Буллингпен күрес бұл бір күндік шара емес.Бұл ата-ана және қоғамның


бірлескен,үздіксіз жұмысты талап ететін үдеріс.Тек осылай болашағына сенімді


ұрпақты тәрбиелей аламыз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу