Эсселер ✍️

  12.02.2026
  12


Ауыз су тапшылығы:болашақтың басты мәселесі ме?

 


Су-тіршілік көзі демекші, адамзаттың өмірі, экономикасы мен экожүйенің


тұрақтылығы тікелей осы табиғи ресурсқа тәуелді. Алайда соңғы


жылдары әлемнің көптеген аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да,


су тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Жалпы су тапшылығы ненің


салдарынан болады? Бұл мәселенің шешімін калай табамыз?


Бұл мәселенің ең басты себептерінің бірі ысырапшылдық! Күнделікті ағып


тұрған судың кадірін біле бермейтініміз рас. Су күнделікті сарқырап ағып


тұрады. Кейде тіпті мөлшерден тыс көп, бей-берекет қолданылады.


Қазақстандағы ауыз су қоры және ресурстары туралы статистикалық


деректер, соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек: Елде 3 692 ауыз су қоры


бар және олардың жалпы тіркелген көлемі шамамен 15,5 текше шақырым


(км²) суға тең. Бұл негізінен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін


пайдаланылатын жер асты жене басқа резервтерді білдіреді. Әрине ауыз


су мөлшері әзірге жеткілікті, дегенмен, суды тура осылай шектен тыс


ысырап етсек алдағы уақытта елімізде су тапшылығы мәселесі күшейеді.


Қазақстанда 2026 жылы әлі де ауыз су мен су ресурстарының тапшылығы


проблемалары бар, бірақ жалпы ауыз суға қол жеткізу бойынша елде ірі


алып шалғай аудандарда іргелі ілгерілеушілік бар. Мысалға алғанда:


Оңтүстік Қазақстанның, әсіресе Қызылорда,Түркістан, Жамбыл


өңірлерінде су тапшылығы қауіпі сақталып отыр — әсіресе суару суымен


(ирригация) байланысты. Бұл аймақтардағы су ресурстары жыл сайын


төмендейді, ал жергілікті су қоймаларында су азаюы байқалады.


Қазақстанда жыл сайын жиналатын су қорларының көлемі 102,3 км


құрайды. Бұл толық көлемнің шамамен 46%-ы шетелден келетін


трансшекаралық өзендерден туседі, мысалы, Иртыш, Сырдария және тағы


басқа. Бұл жағдай елді тыс факторларға тәуелді етеді. Бірегейлікпен


айтқанда, елдің су ресурстарының 42%-ы ғана тұтынуға жарамды және


инфрақұрылымның ескі болуы, су жоғалтулардың көп болуы сияқты


факторлар бұл суды тиімді пайдалану мүмкіндігін әлсіретеді.


Экология министрлігінің дерегіне сүйенсек, 1999 жылдан бері елдегі адам


басына шаққандағы су ресурстары 21% азайган. Кей сарапшылардың


болжамына қарағанда, 2030 жылға қарай елдің су қорлары 15%-ға дейін


төмендеуі мүмкін, бұл Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерболып саналады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы ресурстарды ең көп


пайдаланатын сала бул жалпы судың шамамен 65-70%-ы дәл ауыл


шаруашылығында жұмсалады. Онтүстік өңірлерде, әсіресе Шардара су


қоймасына келетін су көлемі 43%-ға азайган, ал кейбір су қоймаларының


толымдылығы төмендеп бара жатыр деп бағалануда. Бұл өңірлер су


тапшылығына өте сезімтал. Су ресурстары қысқарып жатыр, әсіресе


оңтүстік және ауыл шаруашылыққа байланысты аймақтарда, сондықтан су


үнемдеу, тиімді пайдалану маңызды болып отыр.Бұл мәселенің шешімін


қалай табамыз


Ең алдымен суды бей береке пайдалануды тоқтату керек. Су пайдалануға


лимит пен әділ тариф енгізу қажет. Өзен-көлдер мен жерасты суларының


ластануына қатаң бақылау орнату, су қорларының жиі есепке алу. Су


тазару станцияларын заманауи технологиямен жабдықтау. Мектептерде,


ЖОО-да суды үнемдеу туралы білім беру. Тамшылатып және жаңбырлатып


суару. Су көп қажет етпейтін дақылдарға көшу. Қайта өңделген


(тазартылған) суды егіске пайдалану. Ескі


құбырларды ауыстыру, су тапшылығы бір ғана шарамен шешілмейді.


Мемлекет, қоғам және әр адам бірігіп әрекет еткенде ғана бұл мәселені


еңсеруге болады.


Қорытындылай келе, су тапшылығы болашақтың гана емес, бүгіннің де


басты мәселесі. Егер біз қазірден бастап бұл мәселеге жауапкершілікпен


қарамасақ, ертеңгі ұрпақ үшін су ең қымбат ресурсқа айналуы мүмкін.


Сондықтан әрбір азамат суды сақтау ісіне өз үлесін қосуы тиіс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу