Өлеңдер ✍️

  28.11.2025
  486


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Тулап аққан сезімдер ме, шын ғашық

Әсемдігін табиғаттың сезбеппін,


Аңғалдықтан бәлкім көңіл бөлмеппін.


Ілесем деп зымыраған күндермен,


Қадірін де, сұлулығын білмеппін.


 


Қара суық, күздің желді, әуені,


Сыбдыр қаққан жапырақтар әлемі.


Қоңыр күздің сұлулығын сезбеппін,


Сол әуеннен табам кейде жан емін.


        


Тулап аққан сезімдер ме, шын ғашық,


Жүруші едік, қалқатайым, сырласып,


Сен үйреттің сұлулықты, сезімді,


Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы. 2-рет


 


Қаһарлы қыс, аязды күн, шақтарда,


Әсемдікті көрем ылғи ақ қардан.


Сазды әуеннің құдіретін білмеппін,


Ұйытқыған боранды күн, ақ таңда.


 


Гүлдерін жырлап, таудың ғажап бөктерін,


Самалын айтам, әні сазды желдің өкпегін.


Сенің күлкің сыңғырындай бұлақтың,


Сыйлағандай көңіліңнің көктемін.


 


Тулап аққан сезімдер ме, шын ғашық, 2 рет


Жүруші едік, қалқатайым, сырласып,


Сен үйреттің сұлулықты, сезімді,


Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы. 2 рет


 


Сөзі Әліпов Айтбек Рымбекұлы.  Қараша 2025ж. Астана қ.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу