Өлеңдер ✍️

  20.11.2025
  88


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Қыз бен жігіт

 


Қыз
Жүрек пен сүйдім өзіңді,
Жібектей есіп, сезімді.
Жып-жылы еді, ол бір күз,
Бұл күнде, суық сезілді.


Жігіт
Көрген де , алғаш өзіңді,
Тауыстым, тағат төзімді.
Ұмытар дейсің, мен қалай,
Жібектей нәзік сезімді.


Қыз
Қанатым болмай ұшуға,
Қалып қойдым ау, қысыңда.
Тоңдырдың сүйген жүректі,
Күле бер енді, қысылмай.


Жігіт
Жүрушем, саған алаң боп,
Сөнген дей неге, жанар да от.
Үн түнсіз кеттің, қайтейін,
Күлетін саған, шамам жоқ.


Қыз
Еріккен жоқпын, желігіп,
Махаббат тұрды көрініп.
Сүйгенді- сүю, керек деп,
Сүйгенмін анық беріліп.


Жігіт
Өзіңді мен де, ұнаттым,
Жауабын таппай сұрақтың.
Сезімге селкеу түсіріп,
Қалайша сенбей жылаттым.


Қыз
От басып, кетсем ойланбай,
Арбап бір сиқыр алғандай.
Болады екен бір сәтте,
Сопиған басың сор маңдай.


Жігіт


Түңілген жандай өмірден,
Өшіргім келді көңілден.
Ойланбай басқан отыма,
Өртенсем деп ем, сенімен.


Қыз
Жүрек пен тағы сүйемін,
Өйткені жүрек, тірі едің.
Жанымды алып жаратқан,
Кіргенше көрге, сүйегім.


Жігіт
Айтамын қалай толғанбай,
Барлығы бізде болғандай.
Мен саған мәңгі ғашықпын.
Естай сүйген Қорландай.



Омархан Алтынбек, Алтынай Рысбекқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу