Эсселер ✍️

  16.09.2025
  74


Дроппер болу – болашақты жоғалту

Әр адам өмірде дұрыс жол таңдау арқылы өз тағдырын қалыптастырады. Бірақ, өкінішке қарай, кейбіреулер қысқа жолмен байығысы келіп, қателікке бой алдырады. Солардың бірі – дроппер болу.


Дроппер дегеніміз – бөтен біреудің ұрланған немесе заңсыз табылған ақшасын өз шоты арқылы өткізіп беретін адам. Көбі сыйақыға алданып немесе жеңіл табысқа қызығып бұл іске барады. Ал кейбіреулері сенгіштіктен алданып, өздері байқамай қылмысқа қатысушы болып шығады. Бірақ нәтижесінде заң алдында бәрі бірдей жауап береді.


Менің ойымша, дроппер болу – болашақтан айырылу. Себебі бір сәттік пайда үшін өз ар-намысын да, ертеңгі еркіндігін де құрбан ету – үлкен қателік. Адал еңбекпен тапқан ақша ғана берекелі, ал қылмыспен келген пайда ешқашан жақсылыққа жеткізбейді.


Әр адам өзінің өмір жолын өзі таңдайды. Сондықтан біз әрқашан адалдықты ту етіп, қылмысқа жоламауымыз керек. Өйткені заңсыз жолдың соңы – тұйық, ал адал жолдың соңы – биікке апарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу