Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.09.2025
204
Жарық жұлдыз
Кеш келгенде алыстарды армандаймын,
Сол үшін мен ұйқымды алаңдаймын,
Арман әлемінде мақсат болған құпия,
Тілектерді тек түн келгенде тапқандаймын.
Бұл айлы түн жұлдызбенен жамылған,
Шексіздікке көз тартып еліктірген,
Кел, шырақ тағыма отыр дегендей,
Шақырады сол бір жарық жұлдыз.
Таң бола сала жұлдыз сөнеді,
Сол көз қарас оны алыстан іздеді,
Аспан әлеміне шақырған жердегі күн
Сәулесі кенет сөнген де кім іздеді?
Сол таққа отырсам бір күні мен,
Анау жарық жұлдыз кім десе,
Арсланбек атты ғибрат тұтар Қазақ деп,
Жарық жұлдыз ағып өтті дей ме екен?
Автор: Абдраманов Арсланбек ©
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇