Өлеңдер ✍️
АРУАҚ ПЕН АТАҚ
Көпті көріп, қойдай боп маңыраған,
Сәби жүрек уанбай аңыраған.
Руханияттың құдығы құрғаған соң
Қуыскеуде түк алмай, қаңыраған.
Назар салмай, Алланың мадағына,
Құмармыз біз, жалғанның атағына.
Ата-баба аруағын күңірентіп,
Шалалардың сүйсіндік шатағына.
Күйе жағып жатса да атасына,
Қарамаймыз көз жұмып қатасына.
Баба рухын қорлау ма, ұлықтау ма?
Басың қатты қоғамның шатасына.
Арамдық пен адалдық жанаспаған,
Ұры-қары ұлымен санаспаған.
Аруақ сыйлай білмеген мисыздарға
Атақ белдей көрінер хан аспаған.
Надандықпен мәз болдық бүлінгенге,
Абайсызда қатерге ілінгенге.
Аруағын бір аунатпай атасының,
Атағына масайып сүрінгенге.
Ойсыз көрсем, көзімнен жас тамады,
Топастардан көңілім ласталады.
Атақтының баққан соң қас-қабағын,
Аруаққа тіл тигізу басталады.
Қой, қазағым, құр мақтан ұраныңды,
Тәрбиелейсің ел деген ұланыңды.
Еске алсаң марқұмды, атақ қумай,
Аруағына бағышта Құраныңды.
©Самрат Құскенов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇