Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  81


Автор: QARAKESEK

Кешір

 



Қаладым өмірімнің соңына дейін болғаныңды қасымда
Өзіңмен өмір құрасам деймін аспан астында



Жүрегіңнен айналдым жылайтын,
Сабырыңнан, бәріне шыдайтын.
Көңіліңнен, толқындай тулайтын,
Сеніміңнен айналдым,
Жаратқаннан сұрайтын.



1. Қадіріңді күнім, кеш ұғып,
Келгендей басыма ақылым кешігіп.
Қағып тұрмын, әппақ жүрегіңнің есігін,
Білсең әлі кешіріп, мені кеш күнім.



Жүрегіңде кім бар?
Кімнің үміті бар?
Әлде әлі бос па?
Менде кілті бар?!



Жүрегіңде мұңдар,
Мұң салған жылдар.
Ауыртқан сені,
Үзілген қолдар.



2. Кінәлімін әрбір көз жасыңа,
Қара уайым салдым, қара басыңа.
Кінәлімін ия болмадым қасыңда,
Ұрладым ұйқыңда тағы түн ортасында.
Кешір, кешіктім кешір, кеш ұқтым кешір
Тигіздім нәзік жүрегіңе кесір. Кешір адасып кеттім, ауысып есім,
Қайта әкелді уақыт өзіңе қарай есіп.
Сенен асып қайда барам?
Сендей жан қайда маған?
Түк таппадым сенсіз, мына айналадан.
Қайта басынан бастайық, үміттенем,
Мүмкіндік бер қалмайын күйіктермен.
Сенен асып қайда барам?



Жүрегіңнен айналдым жылайтын,
Сабырыңнан, бәріне шыдайтын.
Көңіліңнен, толқындай тулайтын,
Сеніміңнен айналдым,
Жаратқаннан сұрайтын.



Жүрегіңде кім бар?
Кімнің үміті бар?
Әлде әлі бос па?
Менде кілті бар?!



Жүрегіңде мұңдар,
Мұң салған жылдар.
Ауыртқан сені,
Үзілген қолдар.



3. Қараңғылық қаптап айналаны түнек бассада
Ылғи қиын күндерді басқа жазсада.
Аспан айналып, жерге құлап түсседе,
Қасымда бол!
Бәрі кетіп қалсада.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу