Өлеңдер ✍️

  08.06.2025
  189


Автор: Самрат Құскенов

Сағыныш

 



Қаншама уақыт өтті зырылдаған,
Кезім-ай қасқыр болып ырылдаған.
Қыз күнің кетпесе де сағым болып,
Аңсаттың, жігітіңді қырыңдаған.



Жүректі қылығыңмен бағындырдың,
Өзіңе Ай мен Күнді жақын қылдың.
Жүрсең де басқа жақта, ойдан шықпай,
Тыныштық бермей жанға, сағындырдың.



Сағыныш - ауру, емі табылмаған,
Жанмын ба, шипа іздеп сабылмаған.
Құлпырып көз алдыма келсең болды,
Бермейді сенсіз ғалам дамыл маған.



Тек өзің көктен нұр боп жауасың, ә?
Тұншығам сен жоқ жердің ауасына.
Сағыныш дертімді құрт, шебер болсаң,
Айналып махаббаттың дауасына.



Сезімнің шығарамын белесіне,
Сақтардай екеумізді ел есіне.
Уақытша кеткеніңмен, ақ жүзіңді
Сағынып, айналдырдым елесіме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу