Өлеңдер ✍️

  08.06.2025
  243


Автор: Жібек Ысқақова

БЕС АРЫСЫ ҚАЗАҚТЫҢ

 



Ұлттық рухты көтерген,
Бес арысы қазақтың.
Арыстардың арқасы,
Туды бізге азат күн.



Ғылым,  білім жолында,
Ерен еңбек еткендер.
Қаламымен үн қатып,
Көңілге күй шерткендер.



Шәкәрім бар атамыз,
Абай ізін жалғаған.
Байтұрсынов жазушы,
Елге өмірін арнаған.
Міржақып бар тағы да,
Ана тілін таңдаған.
Аймауытов әлемі,
Игі істерді қамдаған.
Мағжан ақын Жұмабай,
Айтқанынан танбаған.
Міне осы бес арыс,
Қыран құстай самғаған...!



Қыл үстінде өмірі,
Тұрса-дағы, байланып.
Басын тікті бәйгеге,
Бес қаруы сайланып.



Халық жауы атанып,
Қамауға да алынды.
Өшіруге тырысты,
Бойындағы жалынды.



Елі үшін еңіреп,
Халқы үшін қиналды.
Олар ұлттық рух үшін,
Шартараптан жиналды.



Еңбектері қаншама,
Бізге мұра боп қалған.
Бес арысы қазақтың,
Кінәсіз боп сотталған.



Кеш болса да Бес арыс,
Кейін бәрі ақталды.
Тарихқа еніп есімі,
Санамызда жатталды. 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу